Ақтөбеде жанжал кезінде пышақ жарақатын алған әйел қаза тапты

13.10.2026 05:09 · Актуально

Ақтөбеде жанжал кезінде пышақ жарақатын алған әйел қаза тапты

Ақтөбеде жанжал кезінде пышақ жарақатының салдарынан әйел қаза тапты. Кісі өлтірді деген күдікпен Атырау тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Ақтөбе облыстық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласында әйелді өлтірді деген күдікпен Атырау қаласының 28 жастағы тұрғынын анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамаған.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, күдікті мен марқұм әйел бұрын таныс болған. Араларында туындаған жанжал барысында ер адам әйелге пышақ жарақатын салған. Алған жарақаттарынан әйел оқиға орнында көз жұмды", – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, қылмыстың себептері анықталып жатыр.

Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Polisia AQTOBE (@polisia_aqtobe)

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Источник: Nur.kz · Гүлмира Ерубаева