Қазақстан президенті Бельгия Королі және Патшайымымен бірге Ұлттық музейді аралады

13.10.2026 08:13 · Человек и Закон

Қазақстан президенті Бельгия Королі және Патшайымымен бірге Ұлттық музейді аралады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Бельгия Королі Филипп және Патшайым Матильдамен бірге Ұлттық музейге барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәртебелі меймандар музей кешенінің сәулеттік ерекшеліктерін тамашалап, Ұлы даланың мәдени-тарихи мұрасын таныстыратын экспозициялармен танысты.

Алтын залына ерекше назар аударылды. Мұнда бірегей археологиялық олжалар мен ежелгі зергерлік өнер үлгілері, соның ішінде Есік қорғанынан табылған "Алтын адам", сондай-ақ Берел, Талды-2, Тақсай және Шілікті обаларынан табылған алтын бұйымдар қойылған.

Этнография залында қонақтар қазақ халқының салт-дәстүрімен, тұрмысымен, материалдық және рухани мәдениетімен танысты.

Сондай-ақ меймандарға бельгиялық суретші Джеймс Энсор шығармаларының көрмесі ұсынылды.

Сапар соңында Бельгия Королі мен Патшайымы Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.

Источник: Zakon.kz · Айгерим Тарина