Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертіне жауапты ұйымдастырушы үйқамаққа жіберілді

13.10.2026 18:23 · Актуально

Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертіне жауапты ұйымдастырушы үйқамаққа жіберілді

Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертін ұйымдастырған адам қамауға алынған жоқ – ол үйқамаққа жіберілді. Бұл туралы қалалық прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертін ұйымдастырушысын қамауда ұстауға тергеу соты санкция беруден бас тартты. Күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Прокуратура сот қаулысына наразылық білдіреді", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 2026 жылғы 10 қазанда Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда Қайрат Нұртастың концерті өткен болатын. Аталған шараға жиналған халық саны тым көп болып, халық кептеліп қалған. Салдарынан 18 жастағы бойжеткен зардап шеккенін жазған едік. Ведомство оның жағдайы ауыр екенін хабарлады.

Артынша аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Источник: Nur.kz · Айтолқын Адырбай