Басына пакет кигізіп үйден алып шығарған: Алматыда 61 жастағы адам кісі қолынан қаза тапты

12.10.2026 07:41 · Актуально

Басына пакет кигізіп үйден алып шығарған: Алматыда 61 жастағы адам кісі қолынан қаза тапты

Алматы қаласы полиция департаменті басына пакет кигізілген ер адамның көпқабатты тұрғын үйден шығарылғаны түсірілген видеоға қатысты тың мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Желіде екі жігіттің тұрғын үйге кіріп, өзара сөйлесіп тұрғаны түсірілген видео тараған. Кейін олардың бірі басына пакет кигізілген ер адамды иығына асып алып шығады. Полиция кеше, 11 қазанда үш күдіктінің ұсталғанын хабарлаған.

Бүгін Алматы қалалық полиция департаменті Instagram желісіндегі ресми парақшасында тың мәлімет жариялады. 61 жастағы қала тұрғынын өлтіру дерегі бойынша төрт адам ұсталды.

"Тергеу барысында қылмыстың мән-жайы, күдіктілердің кім екені және олардың марқұмның пәтерін заңсыз иемденуге қатысы бар-жоғы анықталды. Төртеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр", – деп нақтылады полиция.

Тергеумен Ішкі істер министрлігінің ең тәжірибелі қызметкерлерінен құрылған арнайы жедел-тергеу тобы айналысып жатқаны атап өтілген. Тергеу барысы ішкі істер министрінің ерекше бақылауында.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Источник: Nur.kz · Эльмира Асқарқызы