Абай облысында таңертеңнен бері түрлі мерекелік іс-шаралар өткізіліп жатыр.
Іс-шараға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, ардагерлер, депутаттар, қоғам қайраткерлері, сарбаздар, тәртіп сақшылары, мемлекеттік қызметшілер, жастар және қала тұрғындары қатысты.
Мереке аясында «Бейбітшілік» аралынан орталық алаңға дейінгі аралықта веложарыс ұйымдастырылды. Оған 200-ден астам велошабандоз қатысты. Жарыста бақ сынағандар патриоттық флешмобқа да қосылды.
Айта кетейік, бүгін жастар арасында тақырыптық көрмелер, челлендждер мен флешмобтар өтеді.
Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі