Қазақстан құрамасы спорттық құзға өрмелеуден 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарының екінші медалін жеңіп алды.Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қытайдың Санья қаласында ерлер арасындағы эстафеталық сайыста қола жүлде сарапқа салынды.

Бұл кезеңге Қазақстан атынан Ришат Хайбуллин мен Рашид Хайбуллин жұбы жолдама алды. Олар Таиланд спортшыларымен кездесті.

Ағайынды Хайбуллиндер 11,98 секунд уақыт нәтижесін көрсетіп, жарыстың қола жүлдегері атанды.

Ал Дамир Тоқтаров пен Әмір Маймұратов, сондай-ақ, Тамара Улжабаева мен Анна Баларшина жарысты ширек финалда аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Ришат Хайбуллин жекелей сында да үшінші орын алған еді.